13 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Болашақ дене тәрбиесі мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында дене тәрбиесі және спорт кафедрасы онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Онкүндіктің мақсаты – байрақты бәсекелерде топ жарып, ел, колледж намысын абыроймен қорғап жүрген чемпион студенттерімізді насихаттау. Спортты насихаттау арқылы өзекті міндеттерге сай келетін студенттерді дене шынықтыру мен спортқа тәрбиелеудің колледжішілік жүйесін қалыптастыру.
Кафедраның ашылу салтанатында еліміздің, колледжіміздің абыройын асқақтатып жүрген студенттердің «Чемпиондар шеруі» өтті. Әр үйірменің, колледждің белсенді спортшылары ұлықталды.
Ұлттық спорт түрлері бойынша: Жылқыбаев Батыр – қазақ күресінен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы.
Волейбол спорты бойынша колледждің волейбол командасы облыстық Ұлттық колледж лига жарысының жүлдегерлері.
Баскетбол спорты бойынша Тарғынов Ералхан, Сейлханов Мансұр баскетболдан 3х3 түрі бойынша БҚО чемпионатының жүлдегерлері.
Футбол спорты бойынша колледжіміздің футболшылары Ахмулдин Даулет, Сейпулла Саят, Фрунзе Бекнұр «Бәйтерек» футзал клубының ойыншылары болып табылады.
Қол күресі спорты бойынша Қали Альбина ҚР Спорт шебері, БҚО чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының жеңімпазы, Әлем чемпионатының жүлдегері.
Теннис спорты бойынша Ниеткалиев Болат, Турашева Бекжаным облыстық, Республикалық үстел теннисі сайыстарының жүлдегерлері болып табылады.
Садақ ату спорт түрі бойынша: Муханбеткалиева Гульназ - спорт шеберіне кандидат. ҚР жастар ойыны БҚО құрама командасының жарысында 3 орын, Садақ атудан 2004-2005 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында қалалық турнирде «Команда МІХ» жаттығуынан 1 орын.
Күрес түрлері спорты бойынша Қамидолллаева Жансая самбодан ҚР чемптонатының күміс, қола жүлдегері. Самбо және дзюдо спортынан спорт шеберіне үміткер
Каратэ, таэквандо спорт түрлерінен Машенова Айназ Тасбулатовна – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия чемпионы, Европаның қола медалінің жүлдегері.
Аралас жекпе-жек спорты бойынша Жексенғазы Шерхан - Таеквондо ITF бойынша спорт шеберлігіне үміткер. Қазақстан Республикасының Таеквондодан чемпион. Таэквондо ITF бойынша Халықаралық турнир чемпионы. Таеквондодан екі дүркін Азия чемпионы. Ережесіз жекпе-жектен Халықаралық турнир чемпионы және West Fighting League чемпионы.
Бокс спорты бойынша Калимулла Ерасыл-бокстан спорт шеберіне үміткер. Муай Тайдан екі дүркін облыс чемпионы, Муай Тайдан Самар облысының чемпионы. Муай Тайдан қоян-қолтық күрестен ұлттық құрам мүшесі.Nomad Fighting Championship лигасының жауынгері.
Жеңіл атлетикадан Магидуллиев Миржан Батырұлы Жеңіл Атлетикадан 10 км дистанцияда облыс чимпионы, көпсайыстан облыс чимпионы,гір спортынан қалалық жарыстың чимпионы, жекпе жектен облыс чимпионы. Стрит воркауттан жарысынан жеңімпазы.
Шаңғы спорты бойынша Нариман Нұрбұлан Еруланұлы - Спорттық туризмнан Қазақстан Республикасының Спорт шеберлігіне Кандидат. Шаңғы спортынан жеке қашықтық бойынша 2-орын ҚР Чемпионаты Алматы обылысы.
Гимнастика спорты бойынша Жумакулов Алдияр - Батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының жас топтар арасындағы чемпионаты Қос шағын трампта секіруден 17-21 жас топтары арасында 1-орын,
Батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының жас топтар арасындағы чемпионаты Батуттық синхронды секіруден 17-21 жаст топтары арасында 2-орын,
Батуттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының жас топтар арасындағы чемпионаты қос шағын трампта командалық секіруден 3-орын.
Жігерлі Жаһанша жастарының жеңісті күндері көп болғай! Әрдайым колледжіміздің атын шығарып, еліміздің көк байрағын биікте желбірете беріңіздер! Чемпиондарымыз көп болып, абыройымыз асқақтай берсін! Алға, Жаһаншаның спортшылары! Онкүндік барысында баршаңызға сәттілік тілейміз!