Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай өңірімізде тұрақты емес. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады.
Осы мақсатта 04.0.4.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинованың және колледж медбикесі А.Джумалиеваның ұйымдастыруымен қыздар жиналысында «Қызылшаның алдын-алу» атты тақырыпта №3 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Бигелдиева Венера Толқынқызы түсіндіру жұмысын жүргізді. Шара барысында жұқпалы аурудың алдын-алу, оның алғашқы белгілері, таралу жолдары, сақтану шаралары туралы кеңінен түсіндіре отырып, студенттердің көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог А.Мухсинова студенттерге колледждегі ішкі тәртіптің сақталуын қадағалау басты міндеттері екенін кеңінен түсіндіріп, құқық бұзушылық әрекеті орын алған жағдайда шара қолданылатынын жеткізді.
Әлеуметтік педаогог А.К.Мухсинова