12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтілуде.
Бұл Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылы 20 қазанда қол қойған Қаулысымен бекітілген. 12 сәуір күні ғалымдардың кәсіби мерекесі ретінде қабылданғанын көпшілік біле бермейді. 12 сәуір — Ғарышкерлер күні екені есімізде. Жоқ, бұл ғарышкерлер күніне байланысты емес. Қазақстан адамның көп ғасырлық арманын — ғарышқа ұшудың іс жүзінде жүзеге асырудың бесігі екені белгілі. Алайда 12 сәуір ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күн қазіргі Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен тікелей байланысты. Әңгіме Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туралы болып отыр. Бұл адам өзінің бүкіл өмірін туған Республикасында ғылым мен оны дамытуға арнады. Оның туған күніне орай Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Қаныш Имантайұлы Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті ғана емес, оның негізін қалаушы, КСРО Ғылым Академиясының филиалдары мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарын құру арқылы ғылымның дамуына қол жеткізіп, нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым Академиясын негізін қалады.
Ғылым күніне орай ағылшын тілі кафедрасында 12.04.2024 күні “Scientific interactive stand” интерактивті стенді өтті. Конференция кафедра оқытушылары, студенттер мен директордың оқу- әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Л.С.Есенова қатысуымен өтті. Бұнда келесі студенттер өз жұмыстарымен бөлісті:
1.Important Facts regarding Bloom’s Life-Нұққали Ақбота 2аКШИ 11
2. “ Eve V. Clark and her focusing work” 3апКШИ -11 Махметова Жанерке
3. Mikhail Lomonosov: Mastering Foreign Languages in the Course of Early Linguistic Studies- Табылдиева Гуллазат-4аКШИ-9
4. David Ian Beaver professor of linguistics-Маратова Алина 3сКШИ-9
5.Қдырғали Гүлназ
6. I.A.Krylov: meaning in literature-Шайхолла Аяулым 1аКШИ-11
7 "Ernst-August Gutt and his cognitive approach- Умбетбаева Мария, 1сКШИ-9
8. "Noam Chomsky and his linguistic heritage"-3аКШИ-9 Масилова Майра
9.Ғылымға саяхат: Ғалым В.Аракиннің ашқан жаңалықтары мен жетістіктері»-Темиртекова Асель
10.Ferdinand Saussure: The accidental father of structuralism-Шайхиева Данагүл 3акши-9