Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 29 наурыз күні практика бөлімінің жоспарына сәйкес студенттердің диплом алдындағы практиканы қорытындылау конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім беру», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Дене тәрбиесі мұғалімі» «Көркем еңбек мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын студентер, практикаға дайындаған әдіскерлер және сараптау комиссиясының мүшелері ретінде колледж директоры А.Ж.Кайрлиева, директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары С.М.Кенжегалиева, оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасар М.С.Мукашев, ақпараттық істер жөніндегі орынбасар А.М.Бижанов қатысып талдау жасады. Конференция барысында әр мамандықтар бойынша топ студенттері қорытынды есептерін практика жетекшілерінің қолдауымен шығармашылық тұрғыда әр түрлі форматта: жәрмеңке, телерепортаж, әуе лайнерімен саяхат, сұхбат, презетация түрінде баяндады. Студенттер шағын көрмелерінде практика құжаттары, қолданған көрнекіліктері мен дидактикалық материалдары, оқушылардың практикалық жұмыс нәтижелерімен таныстырып, алған әсерлерімен бөлісті.
Диплом алды практикасыннан студенттердің тек Орал қаласы, БҚО аудандарымен қатар Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан өтулері білім алушылардың географиялық аумағының кеңдігін байқатты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 3пКШК-11 тобы студенттері машық барысында оқу мақсатына сай тапсырмаларды іріктеп, дискрипторлар құрастырып, 10 балдық жүйемен бағалап отырды. Машықкерлер оқушылардың лексикалық тақырыптарға негізделген айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын граммматикалық тақырыптармен байланыстыруға машықтанғанын көрсетті. Сондай-ақ «Qaz math», «Qazcomics», «Wordwall», «Sozdikqor.kz» сайттарын әдістемелік талаптарға сай сабақтарында тиімді қолданған. Сынып жетекшісі ретінде ата-аналар жиналысын өткізіп, қазіргі бала тәрбиесіндегі өзекті мәселеге көңіл бөлген. Аудандық, қалалық пән олимпиадаларына оқушылар әзірлеп, тәлімгер мұғалімдермен бірге жұмыстанды. Машықкерлер қорытынды есептерін Жәрмеңке форматында беріп, әдістемелік портфолиосында жинақталған материалдардың қайсысы өтімді болғанын әсерлі жеткізе білді. Өткен ғасырларда ұйымдастырылған Көкжар, Қоянды жәрмеңкесінің сипатын сақтап, өз шығармашылығынан машық барысында туындаған өлең-арнуларымен көркемдеді.
«Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 4асКШР тобы студенттері практика барысында қолданған үлестірмелі материалдар, дидактикалық, әдістемелік әзірлемелерін, оқушылардың орындаған жұмыстарын, жасақтаған оқу сайтын таныстырып, топ студенті Ш.Ахажанов мемілекеттік тілде оқитын мектептегі орыс тілі пәні бойынша сабақ үзіндісін көрсетті. Бұл сабақта басты назар ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу мен отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Сабақта оқушыларды Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі, шығармашылығымен танысып, тыңдалған күйшінің күйі адам бойында қандай сезім тудыратынын, күй арқылы автордың не айтқысы келгендігі туралы ойтолғауға шақырды. Машықкер сабақты бағалаудың ерекше үлгісін көрсетті.
«Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 4аКШИ-9 ,4сКШИ-9, 3апКШИ-11, 4ас РШИ-9 топтарының студентері оқыту мен тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдаланған. Атап айтар болсақ, Canva.com презентация, Wix.com электронды портфолио, Learning apps, Padiet.сom бағдарламасын қолданып, Twinki.com сайты арқылы кері байланыс, көрнекілік жасап, колледжде жаңартылған білім мазмұны бойынша өткен курстардан алған білімдерін шебер қолдана білген. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу арқылы жазу, оқу деңгейлерін көтеруге көмектескен. Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін зерттеді, жинақтады, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Әрбір студент оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабақтың мақсатына, мазмұнына, кезеңдеріне, балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолдана алған. Нәтижесінде 4аКШИ-9 тобының студенттерінің 22-сі мектепке жұмысқа орналасуға ұсыныс алды.
«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқитын 3а КШО-11, 3п КШО-11, 4асКШО-9, 4апРШО-9 топтарының студенттері практика барысында белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастыруды түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, сабақты жоғары деңгейде жүргізді. Студенттер жиынтық бағалаудың мазмұнын және ұйымдастыру тәртібін білу мақсатында «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» құралындағы бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілерімен танысып, балл қою кестелерін түсініп, мұғаліммен бірге бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарымен бағалау критерилеріне сәйкес жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырып және БЖБ,ТЖБ өткізу және нәтижелерін талдау үрдісіне қатысқандарын айтты. Студенттер машық кезінде сабақ беріп қана қоймай, мектепішілік жұмыстарға белсене қатынасып, марапаттар алды. 4апРШО-9 тобының студенттерінің алдын ала жасақтаған сайтына 600 –ге жуық оқырман тіркеліп, әдістемелік материалдармен бөліскен.
«Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша оқитын 4а КДО-9, 4б КДО-9, 4сп КДО-9 4асРДО, топ студенттері өз презентацияларында Батыс Қазақстан облысының әр түрлі аудандарынан жоспар бойынша мектепке дейінгі тәрбие бағытындағы білім беру салаларында күн тәртібіндегі ұйымдастырылған оқу қызметтерін, түрлі ойындарын, ата-аналармен жұмыстарын белсене өткізіп келгені жөнінде баяндады. Бағдарлама салалары бойынша заманауи цифрлық технологияларды пайдаланып дайындаған дидактикалық материалдары ерекше дайындалғаны комиссия мүшелерімен аталып, оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен таратылу ұсынылды.
«Көркем еңбек мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 4асКШТ тобы студенттері практика барысында бастауыш және орта буын сыныптарында көркем еңбек пәні бойынша сабақтар өткізіп, әртүрлі өнер бағыттары бойынша үйірмелер жүргізген. Оқу тәрбие үрдісі кезінде АКТ, цифрлық ресурстарды кеңінен пайдаланып, оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына жағдай жасаған. Студенттер көркем еңбек пәні жоспарына сәйкес сабақтар өткізу барысында оқушыларға әр түрлі қолөнер, бейнелеу өнері түрлерін үйретіп және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуде колледжде алған білім, іскерлік, дағдыларын тиімді қолдана алған. Нәтижесінде әртүрлі заманауи материалдарды пайдаланып дайындаған кәдесыйларды ата – аналарына сыйға тартып, ризашылықтарын алған.
Сабақта, үйірмеде орындаған шығармашылық жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырып, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал жасаған.
«Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 4аКШФ-9, 4сКШФ-9, 3пКШФ тобының студенттері практика барысында жоспарға сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, түрлі спорттық секцияларда жұмыстанып, оқушуларды мектепішілік, ауылдық, аудандық спорттық жарыстарға қатыстырған. Соның ішінде ұлттық спорттық ойындар кеңінен насихатталып, ата-аналардың қатысуымен шаралар өткізген.
Жалпы барлық мамандықтар бойынша студенттер практика барысында теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алған. Жеке пәндер бойынша алдын ала дайындаған әдістемелік портфолиоларын, электрондық сайттарын, цифрлық ресурстарды практика кезінде тиімді қолдана білген. Мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына тығыз араласып, ата-аналармен қарым-қатынас орнатқан. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстанып, озат педагогтердің тәжірибесін зерттеп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізген. Практика нәтижесінде 114 студент жұмысқа шақырту алып, 56 машықкер алғыс хат, дипломдармен марапатталған.