27 наурыз күні Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің музыка кафедрасының «Музыка арқылы трансформация: тұлғалық өсу және өзін өзі дамыту» атты кәсіби онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Жылдан жылға жалғасып келе жатқан бұл дәстүрді биылда ұртын бұзбау мақсатында өз жалғасын тапты. Бұл кәсіби онкүндіктің негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық, педагогикалық, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, музыка туралы білімдерін кеңейту, музыка кафедрасының онкүндігіне қатысу және өткізуге студенттердің белсенді қатысуына жағдай жасау. Классикалық музыканың белгілі орындаушылары туралы білімдерін кеңейту, іс-шараларға қатыстыру.
Онкүндік аясында көптеген шаралармен колледж студенттерін қуантпақ ниеттеміз көңілді үзіліс яғни үзіліс кезінде студенттердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында домбыра тартып , жастар талабына сай караоке алаңын жасау т.б. Тағыда көптеген шеберлік сағаттары жәнеде ғылыми жобалар, сосын колледж қабырғаларында өз еңбектері сінген ардагер ұстаздарымызбен кездесу сынды көптеген жоспарлы шараларымыз бар.
Осы онкүндік аясындағы шараларға барлық оқытушылар мен студенттерді белсенді түрде қатысуға шақырамыз!