Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін, бір-бірімен қауышатын мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін күн. Өйткені Көрісу салты бір күнмен шектеліп қалмайды, наурыз бойы жалғаса береді.
Ұлттық салтымыз ерекше тойланған күнде жастар ісі комитетінің жетекшісі К.С.Бикитеева мен Жаһанша жастары үлкен кісілерге, колледжіміздің ардагер ұстаздары Шолпан Сағатқызының, Мақсот Насекенұлының үйлеріне арнайы көрісіп барып, ақ бата тілектерін алды. Ардагер ұстаздар студенттерімізге ақтан дәм татқызып, жастарымыз ән мен күйден шашу шашты.