Қазіргі қазақ қоғамы үшін рухани мәдениет саласындағы өзекті мәселелердің бірі – рухани ұғымдарды таразылап, қайта пайымдау, дәстүрлі мағынасын жаңғырта отырып, өскелең буын санасына берік орнықтыру. Өйткені қазір радикалды діни ағым өкілдері тарапынан рухани ұғымдарды бұрмалап түсіндірудің салдарынан құндылықтық бағдарламалар өзгеріске ұшырап отыр.
Осы мақсатта 01.04.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1аКШО, 1бКДО, 1сКШК, 1пКШО топтарына «Шанс» ӘПҚҚК орталығының заңгері Берікқалиев Салауат Кеңесұлы, теолог-маман Раманкулов Азамат Аралбайұлы «Бала және дін» атты тақырыпта семинар-тренинг жүргізді. Мамандар қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері, түрлері бойынша тәрбиелік шарада студенттерге діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына, интернет кеңістікті, қазіргі заманғы электрондық бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жаппай ақпараттық-психологиялық әсер ету жолымен енетінін, жалған уағызшылардың әлеуметтік желілерде онлайн–уағыз айтуының кең ауқымды таралуынан қатер артып отырғанын, аталған жайтқа қатысты сұрақтары болған жағдайда білікті дін қызметкерлеріне жүгіну керектігін жеткізді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова