12.03.2024 күні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» кафедрасының 10 күндік аясында «Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесі: тренд, серпіліс және жаңа мүмкіндіктер» білім беру үрдісіндегі серіктестермен кездесу, дискуссиялық алаңы ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты: мектепке дейінгі ұйым мамандарын қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзіреттіліктерін нығайту. 1 курс студенттерінің ұжымдық қарым — қатынасқа психологиялық бейімделуі және өзара тәжірибе алмасу.
Шараға директордың оқу өндірістік жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев, әдіскер Ж.Ж.Жоңқарбаева, №48 «Мұрагер» бөбекжайы МКҚК меңгерушісі Э.А.Еришова, №48 «Мұрагер» бөбекжайы МКҚК қазақ тілі мұғалімдері Ж.С.Хубиева мен Г.Ө.Өмірзақова, №37 «Жұлдызай» бөбекжайы МКҚК тәрбиеші А.М.Кенжегалиева, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК тәрбиеші М.Ш.Мутигуллина, №45 «Нұрсәт» бөбекжайы МКҚК инклюзив кабинетінің әдіскері, психолог педагог-зерттеуші С.К.Бекетаева, тәрбиеші педагог-модератор Н.А.Наурызгалиева, №40 «Болашақ» бөбекжайы МКҚК тьютор тәрбиеші Н.М.Габдуллина және кафедра оқытушылары қатысты.
Шара барысында «Амандасу» тренингі (экранмен жұмыс) ұйымдастырылды, қонақтар қызығушылықпен қатысты.
«Жаңа модельге бағытталған жаңа бастамалар» бойынша №48 «Мұрагер» бөбекжайы меңгерушісі өз балабақшаңның миссиясына қарай стратегия жасайтынын, мектепке дейінгі ұйымға өзгерістер енгізу үшін қажеттіліктерді уақытылы анықтау – нақты жоспарлайтынын, мақсат қоя отырып, үлкен нәтижеге қол жеткізген меңгеруші екенін аңғартты. №48 «Мұрагер» бөбекжайы қазақ тілі мұғалімдері «Ұлттық ғажайып алаңы» және "Ұлттық құндылық - ұлттық тәрбие" тақырыптарында шеберлік сыныптарын ұйымдастырады.
№34 «Балбұлақ» бөбекжайы тәрбиеші “Бөбекжайдағы “ЭкоБолашақ” жобасы бойынша жүргізілген жұмыстарымен тәжірибесімен бөліссе, N37 "Жұлдыз ай" бөбекжайының тәрбиешiсi А. М. Кенжегалиева "Көңілді тапқырлар алаңы" түрлi ойындардан шеберлік сыныптарын көрсетті. №45«Нұрсәт» бөбекжайы әдіскері мен тәрбиешісі « Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сынып ұйымдастырса,
№40 «Болашақ» бөбекжайының тьютор тәрбиешісі жаңа мамандықтың құжаттамаларымен таныстырды.
Қонақтар мен студенттер шарадан алған әсерлерін айтып, кері байланыс орнатылды.