Студенттер үйінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Ризамын сізге» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, өткізілді.
Студенттер өз ризашылықтары мен алғыстарын студенттер үйіндегі қызметкерлерден бастауды жөн көрді. Күнбе-күн, бір күні екінші күнмен ерекшеленбейтін, тынымсыз еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлерге ықылас білдіріп, алғыс айтуды парыз деп санадық. Таңертеңнен тосын сыйға толы ыстық ықыласқа бөленген қызметкерлер де, қуаныштарын ерекше сезіммен бере білді. Көктемнің алғашқы мерекесі тамаша басталды.