Жаһанша колледжінде 3 а кшо 9 тобының студенттеріне арналған «Алғыс айту –парызым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Топ кураторы Б. Жұмағазиева бұл күннің мән - мағынасына кеңінен тоқталып, студенттерге алғыс пен ризашылықтың қадір-қасиетін түсіндірді.
Ал, шәкірттер ата-аналарына қоңырау шалып, Алғыс айту күнімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдіріп, әке-шешелеріне өмірлеріндегі ең қымбат адам екенін ізгі тілектерімен жеткізді.
Көктем шуағымен бірге келген «Алғыс айту» күнінің маңызы да сол жүректің жылулығында , ниеттің тазалығында жатыр.
Шара соңында барлық қатысушылар «Жақсы адамдарым» әнін бірге шырқап, әсерлі өткен кештің шырайын ашты.