22 ақпан күні 1аКШИ-9 тобында «Сен және заң» және «Террорлық әрекеттердің алдын алу» тақырыбында тәрбие сағатты өтті.
Мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері және түрлерімен , жасөспірімдердің құқықтарымен, міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Тәрбие сағатында кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтары мен міндеттері айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заңды білмеу, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқарылмайтыны түсіндірілді. Сонымен қатар террорлық әрекет кезінде қауіпсіздік жұмыстары туралы айтылды.