19 қаңтар күні “Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға теріс әсері” тақырыбында Батыс Қазақстан облысы дін істер басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Сафиуллин Жансұлтан Талғатұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында «Радикал» ұғымына түсінік беріп, дәстүрлі емес діни ағымдардың пайда болу себептері, олардың негізгі белгілері, олардың адамды вербалдауда қолданатын негізгі әдістері туралы айта келіп, шағын тренинг өткізді. Дәстүрлі емес діни ағымдардан қоғамға келетін зиян туралы нақты дәлелдермен мазмұнды әңгімеледі. Кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Әлеуметтік педагог Эльмира Әсетқызы дәстүрлі емес діндердің ерекшелігі, интернет желісіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер туралы да хабарлама берді.