Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту, шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау, жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.
МИФ кафедрасының онкүндігі аясында кафедра оқытушыларымен Суйнгалиева Г.К ұйымдастыруымен "Жаныңда жүр жақсы адам" өнеге тәрбие сағатымен жалғасты.
Мақсаты: Студенттердің сүйікті ұстазымен жақын пікірлесу, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу және өз бетінше ой қалыптастырып, жаңа өмірге, мамандыққа, бейімділікке тәрбиелеуге, кез-келген ортадан өзін еркін ұстап, мәдениетті болуға,ойын жинақтап жүйелі сұрақтар қоя білуге үйрету.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, әр уақытта қолынан келген көмегін аямайтын, жас мамандарға әдістемелік көмек беруден жалықпайтын жан, жақсы қасиеттерін бойына дарытып, өмірдің қыр-сырын білуге баулып келе жатқан Ж. Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің математика пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Сапахова Гүлбаршын Мутиғоллақызының ұстаздық жолы кім-кімге де болса үлгі.