14 қаңтар күні Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатырған оқушыларға Жүректен жүрекке апталығының аясында «Ынтымақ» еріктілер тобының ұйымдастыруымен “Дос болайық!” тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, ақыл-ой, физикалық, эмоционалдық, танымдық қабілеттерін дамытып, әлеуметтік ортаға енуге бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Тренинг барысы:
1. “Кубик” әдісімен амандасу
2. Нейро жаттығулар
3. «Менің көңіл-күйім» арт-терапиясы
4. «Қызықты пәндер»
5. «Тәтті тілектер!» бөлімдерінен тұрды.
Әр бөлім сайын сергіту сәттері ұйымдастырылып, балалар көңіл көтеріп, би билеп, қызығушылықпен қатысты.