Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Осы орайда, 2024 жылдың 5-9 ақпан күндері аралығында Қырғызстан елінің Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кәсіптік колледжінің директоры және оқытушылары колледжімізде «Кәсіптік білім беру саласындағы педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа тәсілдері мен әдістері» атты кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру курсынан өткен болатын.
Курс барысында ағылшын тілі кафедрасы оқытушылары «Колледжде ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері», «Оқыту мен оқу тиімді өсу процесі ретінде», «Ағылшын тілін оқытудағы тәсілдер» , « Ағылшын тілі оқытудағы принциптер. Баршаға қолжетімді білім» ,«Білім беру үдерісін цифрландыру- тілдік прогрестің шарты ретінде», «Сабақты зерттеу: өзіндік рефлексиядан ұзақ мерзімді көшбасшылық тиімділікке көшу» ,«Іс-әрекетті зерттеу- заманауи мұғалімнің өзіндік іс-әрекетінің тиімділігін арттыру стратегиясы ретінде» тақырыптары бойынша шеберлік сыныптар»,«Оқу бағдарламасы бойынша құндылықтарды оқыту»семинарын және «From rag to riches» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, әріптестерімізбен құнды мәліметтермен бөлісті. Курс бағдарламасының мазмұнын тыңдаушылар белсенді түрде меңгеріп, өз аймақтарында білім үрдісіне өзгерістер жасауға мүмкіншілік алды.