Қазақ поэзиясының Хантәңірі, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Дарын» клубының ұйымдастыруымен «Өмірі-өлең,жыры-әуен» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеш қонақтары Қырғыз елінен келген қонақтарымыз бен колледж ұстаздары мен студенттері болды. Шара емханадағы көріністен басталып, «Менің анкетам», «Автограф», «Бір келіншек» өлеңдері оқылды.
Ақиық ақынның туған жеріне деген сағынышын танытатын «Туған жер», «Қарасаз», «Керегі жоқ», «Бабаларым,рақмет сендерге!» атты өлеңдері,ана тақырыбындағы «Анашым», «Шеше,сен бақыттысың» өлеңдері,махаббат тақырыбындағы «О,махаббат!», «Ғашықпын», «Махаббат» өлеңдері, өмір тақырыбындағы «Пай,пай,өмір», «Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?», «Бір күніммен қоштастым» және әр түрлі тақырыптағы «Өкінбеймін», «Сыр», «Ақ құрбым» өлеңдері оқылды. Сондай-ақ,тау тұлғалы таланттың сөзіне жазылған,қазіргі қазақ эстрадасында шырқалып жүрген «Мен деп ойла», «Отан», «Сарыжайлау», «Шеше,сен бақыттысың», «Сенің көзің», «Есіңе мені алғайсың» әндері тебірене орындалды. Шараға «Педагогика және психология», «Музыкалық білім беру», “Мектепке дейінгі тәрбие”,«МИФ», «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы белсене атсалысып,өз үлестерін қосты. Сонымен бірге 2апКШК-11 тобының студенттері «Бақыт деген» әнін шырқады. Шара соңында директордың тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары Каримова Бақытханым Мақсотқызына қорытынды сөз беріліп, қонақтардан қонақкәде сұрады. Келген қонақтар әуезді әуенге, ақынның лирикалық жырларына тәнті болып,өз ризашылықтарын жеткізді.