2 ақпан күні колледжіміздің белсенді студенттері және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.М.Каримова мен ақпараттық істер жөніндегі орынбасары А.М.Бижанов “Ақжайық” телеарнасының тікелей эфирінде өткен “Күншуақ” бағдарламасының қонағы болды.
Тікелей эфир тақырыбы “Ұлттық сезім” жалпыұлттық флешмобы турасында болды. Сонымен қатап Студенттік Парламент пен Жастар Рухы ЖҚ колледж жанындағы бөлімшесінің, “Жаһанша жолымен” тарихи танымдық экспедициясының атқарылған істері және алдына қойылған жоспарларымен бөлісті.