Ақпан айының 2-сі күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының тәжірибелі оқытушысы Б.К.Сапиев Lesson study шеңберінде бірнеше әріптестерімен бірлесіп 2асКШО-9 тобында "Қазақстанның табиғат жағдайлары- адамның өмірі мен іс әрекетіне әсер ететін фактор ретінде" тақырыбында дүниетануды оқыту әдістемесінен зерттеу сабағын өткізді.
Негізгі мақсат топ студенттерінің біліммен біліктілік дағдыларын жетілдіру, әр түрлі деңгейдегі студенттерге бақылау, зерттеу жұмыстарын жүргізу болды. Алдын ала сабақ жоспары, әдістемесі, жеткізілу формалары олардың білім деңгейі әр дәрежедегі студенттерге тиімділігі Lesson study жүргізетін топ мүшелері арасында бірнеше рет талданып, талқыланып, өзгерістер енгізу, оқытушы, білім алушылардың өзара іс-қимыл әрекеттерінің жобалары бекітілді. Сабақ өткен материалды қайталау, жаңа сабақпен байланыстыру, ынтымақтастық атмосферасы аясында топтастыру әдістемесімен басталды. Сабақтың өн бойында ерікті, тәуелсіздік, ой пікірді ашық айту, өзара пікір алмасу, ұсыныстарын түрлі әдістемелерде жеткізу формалары көрініс тауып, студенттер ерекше ынта жігер, пәнге деген қызығушылықпен жұмыстанды.
Бақылау, зерттеу жұмыстарын Анаргүл Талғатқызы Зайнуллина, Жанаргүл Қабылқызы Даулетбаева, Джумагазиева Асель Каримовна әр түрлі топқа бөлінген студенттермен араласа жүріп жүзеге асырды. Сабақ өткізуші Біржан Кәрімұлы тақырыпқа сай дүниетануды оқыту әдістемесі пәнінен бірнеше топтық, жұптық, жеке, смарт тапсырмаларды әдістеме талабы деңгейінде студенттер назарына ұсынып, жоғары белсенділіктегі жұмыс ортасын қалыптастыра білді. Зерттелген "С" және "В" деңгейіндегі студенттер өздерінің күнделікті білім дағдыларынан өсу деңгейіне жеткені, олардың топтық, жұптық жұмыстарындағы белсенділіктерінен көрінді.
Бастауыш буынның әртүрлі сыныптары бойынша оқушыларға тапсырмалар дайындау, табиғат құбылыстарының адам өмірімен іс- әрекетіне қолайлы немесе қолайсыз әсерлері туралы ақпарат жинау, зерттеу, сипаттамасын беруде жалпы топ студенттерінің белсенділігі жоғары болды. Зерттеу мақсатына жетті.