1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің 4-ші күнінде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, адам бойындағы адамгершілік, мейірімділік, рақымдылық қасиеттерін дамыту, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны қалыптастыру, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік бере отырып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ізгілік әлемі» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.
Әр топтан студенттердің өз шығармашылығынан салынған туындылары колледждің дәлізіне қойылды. Сонымен қатар өзін-өзі тану пәні оқытушылары көрменің өтуіне атсалысқан студенттерге зор алғысын білдірді.
Өзін-өзі тану мұғалімі А.К.Мухсинова