30.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттері Орал қаласы әкімдігінің бастамасымен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында «Жасыл ел – жасыл Орал» атты акция аясында студенттер қала көшелерін тазалап, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік - тазалық кепілі. Әр адам себілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Сенбілікке үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова