19 қаңтар күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Орал қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші мамандары М. И Куракова, Г. Х.Тайбековамен кездесу болды.
Шара барысында қазіргі уақытта кең таралып жатқан қызылша ауруының алдын-алу мақсатында аурудан сақтану, қызылшамен ауырғанның зардаптары туралы бейнероликтер, презентациялық материалдар арқылы ақпараттар берілді. Студенттер өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.