18 қаңтар күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог Э.Ә.Амантаеваның ұйымдастыруымен «Буллинг. Кибербуллинг» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинар-тренингтің мақсаты: Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, қоқан-лоққы көрсетудің алдын алу. Сыйластыққа, бір-бірін қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар керемет көңіл-күймен амандасу тренингіне қатысып, «Буллинг және кибербуллинг ұғымдары» туралы жалпы мағұлматтар алды. Сонымен қатар, қатысушылар «Буллингке немесе кибербуллингке ұшыраған кезінде не істеу керек?» тақырыбында видеоролик көріп, тағылымдақ мақсаттағы әңгімелер мен видеороликтер тамашалады. «Менің қалауым», «Ашулы шарлар», «Суреттен не байқадыңыз?» тақырыптарында тренингтер ұйымдастырылып, «Тілек шамы» әдісімен семинар-тренинг қорытындыланды.