13.12.23 күні 3асКИНФ-9 тобында «Тұғыры биік Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты оздырылды.
Мақсаты:
-Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы кезеңдерін студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Топ студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Атап айта кететін болсақ Исхарова Жасмина “Қазақты жаман деме қазақ бала” өлеңін оқыды, Серікқали Жібек “Қазағым-ай” әнін айтып жақсы әсер сыйлады. Тәрбие сағатының соңын ДОДЕКАЭДР әдісімен кері байланыс жасалып аяқталды.