13 желтоқсан күні ағылшын тілі кафедрасының он күндігі аясында "Сабақта жаңа әдіс тәсілдермен бөлісу" тақырыбында студенттер мен оқытушыларға арналған шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік сыныптың мақсаты-жас мамандарды және студенттерді педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.