Бүгін қараша айының 29-шы жұлдызында жатақхана тұрғындарының ер балаларға арналған жоспарлы «Ұл бала-ұлт қорғаны» атты №3 аймақтық учаскелік полиция майоры Батыров Тенель Мендибаевичпен кездесу оздырылды. Бұл шараның мақсаты ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Әсіресе отбасында да, қоғамдық ортадағы ер баланы еңбек етуге, жолдастық қарым-қатынасқа, достыққа беріктікке тәрбиелеу.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.