Орал қалалық кітапханасының ұйымдастырумен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы танымдық шара өтті. Оған Жаһанша колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1 және 3-курс студенттері қатысты.
Шарада сөз алған кітапхана өкілдері ұлтымыздың әдеби мұрасының ұстаздар арқылы ұрпақтан ұрпаққа жол тартатындығын, жастардың оқу мәдениетін көтеріп әдебиетке жетелейтін де мұғалімдер екенін айтып, сол жолда әрдайым осындай игі шаралардан қалыс қалмайтын Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің ұжымына алғыстарын жеткізді.
Туған тіліміздің мәнін ашып, ана тіліміздің жауһарын жарқ еткізген жиыннан студенттер де мол әсер алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің болашақ мамандарын даярлап жатқандықтан, Ана тілімізді дәріптейтін шаралардан қалмау, жиі-жиі өз колледжіміз де өткізіп отыру менің осы саланың мұғалімі ретінде басты парызым деп түсінемін –дейді пән маманы Жандос Хамза.