7 маусым күні Жұбан Молдағалиев атындағы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасы және колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен Жұбан атындағы саябақта «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы» үшін қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын, арқалы күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай, «Махамбет – өшпес рух, ұлы тұлға» атты әдеби кеш өткізілді.
Шараның мақсаты: Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқырмандарға терең таныту. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы жас ұрпаққа түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқырмандардың бойына дарыту, өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру, ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру.
Кеш барысында, М.Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапхана директоры Уразаева Шолпан Қуанышқалиқызы, колледж директоры Кайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы сөз сөйлеп, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айтты.
2а КШМ-9 топ студенттері Ермеков Елнұр күй шертіп, Жақсылықова Қымбат Махамбеттің термесі «Мен, мен едім, мен едім» термесін орындады.
Сонымен қатар колледж студенттері ақынның өлеңдерін оқыды.