16.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ДӘІЖО Қ.Х.Мажитов, психолог В.А.Даулетова, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастыруымен «Психикалық саулық-деннің саулығы» атты тақырыпта 1-2 курс студенттерінің ата-аналарына семинар-тренинг ұйымдастырылып өткізілді.
Тренингтің мақсаты – ата-аналарға психикалық денсаулықты нығайтудың маңыздылығын ұғындыру, тиімді әсер ету тәсілдерін қолдану арқылы жасөспірімдердің позитивтік өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Семинар-тренингте психолог В.А.Даулетова «Сәлемдесу» жаттығуымен ата-аналар арасында позитивтік көңіл-күй қалыптастыра отырып, «Психологиялық жасыңыз нешеде?» сауалнамасын жүргізді. Сонымен қатар «Ассоциация», «Алақан», «Мінез-құлық-нысана», «Тірі үй», «Тыйым салу – рұқсат беру» жаттығуларымен қатар «Психикалық денсаулықты нығайту» бойынша кеңес берілді. Өз кезегінде әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова «Балаларды ғаламтор желісінен қалай қорғау керек?» атты тақырыпта түсіндіру жұмысын жүргізді. Семинар-тренингты қорытындысы бойынша ДӘІЖО Қ.Х.Мажитов студенттердің арасындағы тәртіп бұзушылық, деструктивті діни ағымдардың алдын-алу, студенттерді түнгі уақытта қадағалау сынды әлеуметтік мәселелерді түсіндіріп өтті. Шараға қатысқан ата-аналар колледж тарапынан ұйымдастырылған осындай жақсы бастамалар жалғасын тапса деген ниетін білдірді.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова