15 ақпанда "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" кафедрасының онкүндігі аясында және жоғары педагогикалық колледжінің 110 жылдығын мерекелеу қарсаңында Ж. Досмұхамедова "Қазіргі мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті тенденциялары" тақырыбында ұрпақтар сабақтастығы мақсатында кездесу өтті.
Аталған іс-шараға колледждің еңбек сіңірген педагогтары Б.К. Мұқажанова, Т.У. Маденова, колледждің түлектері қала және облыстың мектепке дейінгі мекемелерінің меңгерушілері мен әдіскерлері Т.К. Мұқатова (№47 "Бәйтерек" М.д.Ұ меңгерушісі), Э.А.Ерешова (№48 "Мұрагер" М.д.Ұ меңгерушісі), А. С.Кенжегарина (№7"Айналайын" М.д.Ұ меңгерушісі), А.С. Саматов (Жәнібек аулының "Алтынұя" М.д.Ұ әдіскері), директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С. Нұрашева, кафедра оқытушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты білім алушыларға тарихы толы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық коледжінің 110 жыл мерей тойы қарсаңында студенттерге колледж тарихы туралы толық мағлумат беру және білім ордасының елеулі оқиғалары, жетістіктері мен ерекшеліктері жайлы хабардар болу. Және осы колледжімізде коп жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз бен жетістікке жеткен түлектерімен таныстыру, келешек ұрпақ атынан ризашылығын білдіру. Іс-шара барысында еркін қарым-қатынас жасау және эмоционалды көңіл-күйді көтеру үшін тренинг өткізілді, онда топқа қатысушылар қол шапалақтап, айналу қимылдарын жасап, оларды біріктірген жіпті түсірмеуге тырысты. Қатысушылар белсенді қатысып, жағымды эмоциялар алды. Колледж тарихы туралы бейнероликтер, презентациялар көрсетілді. Әрі қарай "мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының 1,2,3 курс студенттері келген қонақтарына арнап мамандыққа арналған өлең жолдарды оқыды, музыкалық және би нөмірлерін орындады. Шақырылған қонақтар өздері туралы, сондай-ақ өз қызметі туралы айтты, білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз әсерлерімен бөлісті. Рефлексия кезеңінде қатысушылар шарадан алған әсерлерімен бөлісті, соның ішінде қонақтарға 2 курс студенттері іс-шара барысында салған портреттерін сыйға тартты.