9ақпан күні 3аКДО-9 тобында мектепке дейінгі ұйымның оқытушысы Нұрланбаева Надежда Есмагуловна “Өлеңді жаттау” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдағы балаларға әр түрлі тәсілдермен өлең жаттату, студенттерге таңдаған мамандығы бойынша кәсіби бағдар беру болды.
Ашық сабақ тақырыбы бойынша үй тапсырмалары заманауи технологиялар бойынша жүргізілді. Одан әрі сабақтың жалғасы әр түрлі қызықты тапсырмалар мен жалғасты. Сабақ барысында студенттер мнемокесте, сахналық көрініс арқылы әртүрлі әдістерді қолданды. Сабақ өте тиянақты түрде түсіндіріліп, студенттер белсене қатысты.