2023 жылғы 8 ақпанда «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының онкүндігі аясында оқытушы Т.У.Маденова және колледждің жас педагог мектебімен бірлесіп, Г.С. Нұрашева «Жасампаз маман-2023» педагогикалық аукцион-конкурсын өткізді, оған әртүрлі мамандықтағы колледждің жас оқытушылары: М. Амангалиев, Н. Қонысбаев, А. Уахит, А. Сатыбалдиева., Хамбетова А., Бикитеева К. қатысты.
Аукцион-практикумның міндеттері:
- Өз әдістемелік ізденістерін ұйымдастыру, құзыреттілігін арттыру және олардың өзін-өзі растауы мен кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау;
- Жас маманның іскерлік және жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- Дәстүрлі емес әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жас мамандардың қызметін жандандыру;
- Өзінің зияткерлік қызметін тиімді ұйымдастыруға, өз қызметінің рефлексиясын талдауға және жүзеге асыруға;
- Оқытушы қызметінің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету.
Түрі: аукцион
Педагогикалық аукцион-конкурста «сатылымда» 6 лот болды:
Лоттардың сатылымы
№ 1 Лот. «Логотип бейнесі» (қатысушылар компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалана отырып, логотипті дайындайды, онда олар өздерін таныстыруы, өмірлік ұранын, кафедрасын, оқытылатын пәнін көрсетуі тиіс)
№ 2 Лот. Әдістемелік үзіліс. «Аңдар мектебінде» ойыны (талқылау, пікір алмасу, астарлы әңгімеде көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеу)
№ 3 Лот. «Тәжірибемен алмасамыз». «Эйдос-конспект» (қатысушылар жаңа технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері мен формаларын қолдана отырып, сабақтың қысқаша мазмұнын және презентациясын алдын-ала жасайды, содан кейін сабақтың кез-келген бөлігін көрсетеді).
№ 4 Лот. «Психолого-педагогикалық жағдаяттарды шешу» (талқылау, пікір алмасу, дұрыс және нақты шешімді табу).
№ 5 Лот. «Тиімді қарым-қатынас ережелері» (қатысушылар сұхбаттасушыны өзіне қарату мақсатында «үш плюс ережесін» қолдануы, жақсы қарым-қатынас үшін психологиялық көңіл-күй құру)
№ 6 Лот. «Біз бос уақытты ұйымдастырамыз» - «Симметрия әлемі» (шеберлік сынып).
Лоттарды «сату» ерекшелігі мұғалімнің жұмысына тікелей байланысты заттарды немесе жағдайларды пайдаланумен байланысты болды. Аукциондық сауда-саттық ережелеріне сәйкес жүргізуші лот жариялайды, қатысушылар «ставка жасайды». Әрбір келесі ставка жүргізуші «үш» деп айтқанға дейін жасалуы керек. Барлығы сөйлеген кезде «бағалау орталығы» ең жақсы нұсқаны анықтайды және нәтижелерін жариялайды. Сауда-саттық нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі лот «сатылымға» шығарылды.
Конкурс-Аукцион қазылар алқасы жеңімпаздарды анықта:
І орын - ағылшын тілі оқытушысы А.Сатыбалдиева
ІІ орын - педагогика пәнінің оқытушысы К.Бикитеева
ІІІ орын - мектепке дейінгі тәрбие және оқыту кафедрасының оқытушысы А. Хамбетова.
Қалған қатысушылар номинацияларды алды.