1 ақпан күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» кафедрасының «Болашақ маманның педагогикалық шығармашылығындағы инновациялық навигация» атты 10-күндік декада шараларының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына мамандықтың І,ІІ, ІІІ (орыс және қазақ тілінді білім алатын) студенттері, колледж оқытушылары қатысты. Шараны колледж директоры А.Ж.Қайрлиева, кафедра меңгерушісі А.Б.Сарсенгалиева ашты. ІІ курс студенттері қазақ биімен ашып, мамандыққа қатысты өз шығармашылығынан өлең жолдарын арнады. Әрі қарай тосын сый ретінде «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы болғандықтан мультфильм кейіпкерлері келіп, шараға қатысушыларды көңілді биге шақырып, әдемі суретке түсті.