Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 23 желтоқсан күні практика бөлімінің жоспарына сәйкес студенттердің диплом алдындағы практикаға дайындық деңгейін анықтау мақсатында конференция ұйымдастырылды. Конференцияға «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш білім беру», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Физика мұғалімі», «Математика мұғалімі», «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын студентер, практикаға дайндаған әдіскерлер және сараптау комиссиясының мүшелері ретін колледж директоры А.Ж.Кайрлиева, директордың оқу ісі жөніңдегі орынбасары С.М.Кенжегалиева, директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Р.М.Ғалымова, директордың оқу-өңдірістік жұмысы жөніңдегі орынбасары М.С.Мукашев, практика бөлімінің педагог ұйымдастырушысы Н.Б.Нурлановалар қатысты.
Конференция бағдарламасында әр топ өз мамандықтары бойынша диплом алдындағы практика портфолиосымен таныстырып, панорамалық сабақтар көрсетті. Практика портфолиосының мазмұны нормативтік құжаттар, стандарт, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, практика мазмұны, жоспары, дидактикалық материалдар, көрнекіліктерден тұрды. Электрондық портфолиолар негізінен wix.com, PADLET, Gooqle диск платформаларында дайындалған.
Панорамалық сабақтарда студенттер цифрлық ресурстарды (learningapps, PADLET, Bilimland, Kahoot) кеңінен пайдаланып, сабақтың мақсатына жетуде, оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қызықтыру мақсатында ойын, проблемалық оқыту, деңгейлік саралап оқыту, интербелсенді, ақпараттық оқыту технологияларын пайдаланды. Сонымен қатар 4асКШИ тобы Miro платформаларында цифрлық шаблондарды пайдаланудың жолдарын көрсетті.
Нәтижесінде конференцияға қатысқан топтар диплом алдындағы практикаға жақсы дайындықтарын көрсетті. Соның ішінде 4асКШИ әдіскері Ш.Е.Мухтарова, 4асМК әдіскері Г.М.Сапахова, 3пКШК әдіскері Қ.Ү.Жақыпова, 4аКШР әдіскерлері А.С.Бекболатова, Н.Н.Шагиева, 4аРШО әдіскері А.К.Джумагазиева, 4аРДО әдіскері Т.У.Маденоваларды ерекше атауға болады.