2022 жылдың 8 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі бірігіп ұйымдастырған педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесін жариялау мақсатында аймақтық «Педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы семинар-практикум өз мәресіне жетті.
Семинар-практикумның мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы үздік педагогикалық идеялар мен озат тәжірибелерді жинақтап жариялау, тарату; Республикалық «Үздік педагогтар» жеңімпаздарының іс-тәжірибесін ұсыну;
Аймақтағы республикалық, облыстық «Үздік педагог» байқауларының жеңімпаздары, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлерін ұлықтаған күн болды. Практикум-семинарға БҚО Орал қаласы, жылдар бойы жүйелі қатысқан республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегерлері шақырылды.
Өз колледжіміздің 6 оқытушысы Ералиева Айгерім Ортабекқызы – біздің колледж түлегі, оқытушысы, педагогика және психология магистрі, жоғары санатты физика және информатика пәндерінің мұғалімі, алғашқы «Үздік педагог-2013» республикалық байқаудың жеңімпазы.
Мухсинова Асия Наримановна-колледж түлегі, «Үздік педагог–2015» республикалық байқаудың жеңімпазы. «Bilim Bolashak» білім берудегі инновациялық технологиялар орталығы ЖШС директоры. "Қазақ Арулары" қыздарға арналған академиясының жетекшісі.
Хамзин Нұрлан Амангелдіұлы-Ж.Досмұхамелов атындағы жоғары педагогикалық колледждің технология пәнінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі, «Үздік педагог–2017» республикалық байқаудың жеңімпазы.
Искалиева Айгуль Бисенбаевна-колледж түлегі, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы. Орал «Сервис» технологиялық колледжінің басшысы. Искакова Куралай Амангельдиновна–Ж.Досмұхамелов атындағы жоғары педагогикалық колледждің шетел тілі пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, республикалық«Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпазы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология мамандығының PhD докторанты.
Зауреш Аманкосовна Кошанова- Ж.Досмұхамелов атындағы жоғары педагогикалық колледждің педагогика пәнінің оқытушысы, «Білім» бейіні ОӘБ төрағасының орынбасары, «Үздік педагог - 2022» республикалық байқаудың жеңімпазы. - «Білім» салалық біліктілік шеңбері мен «Педагог» кәсіптік стандартын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (2022ж.)
Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің оқытушылары Аскарова Армангул Каленовна- арнайы пән оқытушысы, республикалық «Үздік педагог-2012» республикалық байқаудың жеңімпазы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер,
Рабай Күнайым Түйешіқызы- педагог-психолог, «Үздік педагог-2021» республикалық байқаудың жеңімпазы.
Каментаева Гүлзада Бекеновна-Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі, Қазақ тілі және әдебиеті арнайы пәндері оқытушысы. «Үздік педагог-2022» республикалық байқаудың жеңімпазы, Бейсембина Айнагуль Елемесовна және орыс тілі және әдебиеті оқытушысы Хусаинова Салтанат Кайроллаевна-«Үздік педагог-2020» республикалық байқаудың жеңімпаздары және С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» КМҚК, Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Кереева Жаннат Райымбековна- директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шагирова Жулдыз Амановна қатысып, өз тәжірибелерін көрсетті.
Семинар-практикумға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Үздік педагог» иегерлері, оқу орындары директорларының оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, инженер-педагогтары қашықтан қатысты.
Ұстаздарды ұлықтаудың 1-бөлімінде Үздік ұстаздарды құрметтеу, ұлықтау студенттерге таныстыру мақсатында 2 қабат дәлізіне шеру жасалды.
Колледж директоры Алтынгуль Жаксыгуловна Кайрлиева құттықтау сөзбен семинар шымылдығын ашты.Ұстаздардың құрметіне арнап колледж студенттері Әшір Молдағайыновтың «Ұстазым» әні жолданды.
Семинарымыздың шымылдығын БҚО Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Тажикбаева Зияш Куатовна ашты.
І. «Озат педагогикалық тәжірибе-шығармашылық шыңы» бөлімінде Озат педагогтар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылып, үздік педагогтардың педагогикалық лабораториясымен танысты.
ІІ. Шеберлік сыры. «Үздік педагогтар» тәжірибесінен тақырыптар бойынша әр педагог өз тәжірибесінен шеберлік сабақтар көрсетіп, өз баяндамаларымен бөлісті.
2.1.Педагогтың кәсіби өсуінің негізгі факторлары мен заманауи мүмкіндіктері.
2.2. Үйрете отырып үйренемін.
2.3.Повышение квалификации педагогов: обновление программ и профессиональное развитие.
2.4.Электронное портфолио как форма представления педагогического опыта..
2.5.Жетістікке жету жолы-табандылық .
2.6. Білім. Бизнес. Кәсіп.
ІІІ. Диалог алаңында әріптестеріміз өзара пікірлесіп, көкейде жүрген сұрақтарға жауап алды. Семинар-практикум нәтижелі өтіп, мақсатына жетті. Үздік педагогтар тәжірибесін тарату жалғасатыны сөзсіз.