31 қазан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында, Байтерек ауданы Новенький ЖОББ мектебінің кәсіби бағдар беру педагогы Есетова Мөлдір Күншуаққызының басшылығымен келген 22 оқушыға экскурссия жүргізіліп, колледждің рухани мұра, өнер шығармашылық көрмесі, гимнастика залы таныстырылып, «Бастауыш білім беру» мамандығының Жаратылыстану STEAM кабинетінде студенттердің оқу құралдарын сабақта қолдану әдістерін оқытушы Сүйінғалиева Г.Қ назарға ұсынды.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының LEGOSTEM кабинетінде кафедра меңгерушісі А.Б.Сарсенгалиева мамандықтың қызықты қырларын баяндап, робот техниканы тәрбишілердің оқу іс-әрекетінде пайдалану әдістерінен үзінділер көрсетті.
Колледждің Акт залында практика бөлімі мен оқытушы А.К.Джумагазиева колледж тарихы, сапалы құрамы, студенттер жетістігі, дайындалатын мамандықтар, студенттер үйі, оқуға қабылдау ережелері, құжаттар тізімі туралы сөз сөйлеп, бейнебаян көрсетіліп, 2023-2024 оқу жылының мамандықтары таныстырылған парақтар таратылды.
«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Кунашева Карина колледжде өтетін дебаттар, байқаулар, түрлі іс- шараларға студенттердің белсенді қатынасатындарын айтып, клубтар, үйірмелер жұмыстарына тоқталды. Шара соңында келген оқушыларға рефлексия өткізіліп, нәтижесінде колледждің оқу кабинеттері, «Студенттер үйінің» кино залы, интернет клубы, берілген кәсіби бағдардың ұнағаны байқалды.