Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Руханият» еріктілер тобы қаламыздың жалғызбасты тұрғыны Кулкаева Батима Дуйсекешқызына мекен жайлық көмек көрсетті.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Руханият» еріктілер тобы қаламыздың жалғызбасты тұрғыны Кулкаева Батима Дуйсекешқызына мекен жайлық көмек көрсетті.
Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Қайырымдылық» айлығына арналған шаралар жалғасын табуда. Соның бірі – «Ынтымақ» волонтерлар ұйымы тарапынан қаламыздың жалғызбасты қариясы Пигарева Ольга Александровнаға көрсетілген көмек.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде діни экстремизммен терроризмнің алдын алу, диструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дəстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында 1 курс студенттері теолог - Ерлан Тілекұлы Ғатауовпен кездесті.
22.10.20 күні Студенттер үйінде туған халқының өнерін құрметтеуге, өнерлі студенттердің өнерін ұштауға, ортаға танытуға тәрбиелеу мақсатында «Жырлайды жүрек» атты тақырыбында онлайн өнер сайысы ұйымдастырылып өткізілді.
16.10.2020 күні студенттер үйіндегі 30 студент жатақхана айналасын жинастыру мақсатында тұрғындар арасында сенбілік ұйымдастырылып, колледж, студенттер үйінің айналасы жинастырылды. Бұл шара тазалық сақтау мақсатында өткізілді.
15.10.2020 күні студенттер үйінің қыздарымен «Қыз баланың гигиенасы» тақырыбында колледж медбикесі А.Джумагалиевамен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Жасөспірімдер гигиенасы- өсіп келе жатқан қыздардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталады. Өсіп келе жатқан оргаизмге қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсер етуі жайында түсінік беру.
15.10.2020 Бала кезімізде Тимур және оның командасы туралы әңгімені үлкендер жиі айтып жататын, оқушы кезімізде ол туралы кітаптарменде танысып жарыса оқитынбыз. Бүгінде елімізде ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің "ЫНТЫМАҚ" волонтерлар ұйымы қаламыздың жалғыз басты қариясы Таисия Константиновнаға мекен-жайлық көмек көрсетті!
07.10.2020 Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен instagram әлеуметтік желісінде ұстаздар күніне орай "Менің сүйікті ұстазым" үздік посттар байқауы өткізілді. Колледж студенттерімен түлектері арасында өткізілген байқауға 70 тен астам қатысушы қатысып, 21 қатысушы үздік деп танылды. #zhahansha_zhastary
02.10.2020 Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ұстаздар күні мерекесіне арналған «Шәкірт жеңісі – ұстаз жемісі!» онлайн шарасы өтті. Jitsi Meet қосымшасында және Жаһанша колледжі You Tube арнасында тікелей эфирде өткен шара барысында колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызы колледж ұжымын Ұстаздар күні мерекесімен құттықтады.