18 қараша күні Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Ғасыр жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Білімділер додасы зияткерлік сайысының арнайы жобасы өтті.
18 қараша күні Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Ғасыр жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Білімділер додасы зияткерлік сайысының арнайы жобасы өтті.
18 қараша күні колледж жатаханасында "Оқуға құштар колледж жобасы" аясында жатақхана тұрғындарымен "20 минут кітап оқып, сұрақтарға жауап бер!" акциясы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты- студенттердің демалыс күндеріндегі бос уақытын тиімді пайдалануға, кітап оқуға шақыру.
Шара барысында М. Мақатаев өлеңдері мен Ф. Оңғарсынова өлеңдерін оқып, оқыған қызықты кітаптарын ортаға салды. Сонымен қатар, оқыған кітаптары туралы сұрақтар қойылып, сыйлыққа кітаптар тарту етілді.
17 қараша күні педагогика және психология кафедрасының ұйымдастырумен бітіруші топ студенттеріне арналған “Үздік сабақ - қараша” панорамалық сабақ байқау шарасы өтті. Бұл шарада биылғы бітіруші топтарымыз өздерінің тәжірибесінен жеке әдістемелер бойынша сабақтарынан 7 минуттық фрагменттін сол сәтте ұйымдастырды.
17 қараша күні колледж студенттері Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен асық ату челленджіне қатысты. Челлендж аясында “Бес табан”, “Бес асық” ойындары ойналды.
16 қараша күні халықаралық студенттер күніне орай "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ-ның колледж жанындағы бөлімше жастары "РУХТАСТАР CASES" іс-шарасы аясында AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің алғыс хатына ие болды.
16 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің биология және химия пәндерінің "педагог-зерттеуші" санатындағы оқытушысы Анаргүл Талғатқызы Зайнуллинаның "Хемосинтез. Фотосинтезбен хемосинтез үрдістерін салыстыру" тақырыбында ашық сабағы өтті.
15 қараша күні колледж студенттерінің арасында «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында жобалар байқауы өтті. «Ұлы дала перзентімін» ғылыми жобалар байқауы колледжіміздің білім алушылары үшін «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде өткізіледі және жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақта тәрбиелеуге және шығармашыл жастарға қолдау көрсетуге, болашақ педагогтардың жеке-тұлғалық әлеуетін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық қызметке тартуға бағытталған.