Сапиев Биржан Каримович - «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», педагог- зерттеуші Еліміздің білім мен тәрбие саласында өзіндік тәжірибесі мен тарихи шежіресі қалыптасып ТМД шеңберінде танылған Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжіне биыл тура 110 жыл. Бұл тек қана айтулы дата емес, ғасырдан астам қиыншылығы мен жетістіктері мол, өзге оқу орындарына үлгі болған зор тәжірибе мектебі. Тарихи дәстүрді колледжде дәріптеуші, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келе жатырған жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы алға қойған «Ұлттық рухтағы әлемдік білім деңгейі талаптарына сай білім беру мен ұлтжанды жеке тұлғаны тәрбиелеу және құзыреттілік-әрекеттілік тұрғыда оқыту» проблемалық тақырыбы бойынша жұмыстануда. Қазіргі таңда кафедрада 16 оқытушы жұмыс істейді. Әрине осыншама бай тәжірибе сабақтастықпен үлкенге құрмет нәтижесінде жинақталмақ. Айтулы дәстүрге кезінде өздерінің шығармашылығымен үлес қосқан аға буын ардагерлер: колледж директоры болған М.Қ.Құрметов, оқытушылар Ворожейкина.Н.А, Ульянова.Н.Н, Сулейменова.Д.Д, Молдағалиева.Р.Т. Естурсинова, Батишева.З.Д, М.К,Губанов.И, Хамитова.Г.З Набидоллина.Ш.С., Нугманов М.К., Джуматаева.Н.Х еңбектері ешқашан ұмытылмақ емес.
Мен колледжге келген жылдары Райхан Тілепенқызы кафедраға жетекшілік ететін. Сол кездегі қарапайым тынымсыз, үнемі әдістемелерден жас оқытушыларға білгенін үйретіп, кафедра отырыстарында өзіндік тәжірибесімен бөлісіп отырушы еді. Кейіннен Мәдина Кенжеғалиқызы да әрі кафедра меңгерушісі, әрі қиындығы мол бөлім меңгерушілігі қызыметін қоса атқарып тынымсыз еңбегімен жастарға үлгі бола білген жан. Кафедрадағы мектеппен байланысты мықты ұстаған өзіндік шеберлік мектебі қалыптасқан әдіскер ұстазымыз болды.Ол кісінің өз отбасын ұмытып, уақытпен есептеспей, бар ықылас ниетімен жұмыс жасау тәжірибесіне әріптестері таң қалушы еді. Осы колледждің дамуы, өркендеуіне ат салысқан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ұзақ жылдар жұмыс жасаған Шолпан Сағатқызының да еңбегі зор. Осы ұрпақтар сабақтастығының жарқын бір дәлелі, республикаға танымал ұстаз, әрі осы оқу орнын ширек ғасырдан астам басқарған Ш.Х.Құрманалинаның бақылау әдістері жүйесін әзірлеу арқылы тәрбие және білім берудің қажетті сапасын қамтамасыз ететін колледжді басқарудың оңтайлы құралдарын іздеу жұмысын колледждің қазіргі директоры А.Ж.Кайрлиева табысты жалғастыруда. Кафедрадағы басты ұстаным ғылымдағы жетістіктер, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді оқып білу, сұрыптау және қолдану. Оқытушылар: Бисенова.С.К, Сапиев.Б.К Зайнуллина.А.Т, Журекенова.А.Б, Молдағалиева.Ж.Е, Дюсенгалиев.М.К т.б кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдарын зерделеу және оқу үрдісінде қолдану, жаңа ақпараттық технологиялар арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру, жаңа ақпараттық ортаны құру және пайдалануда өзіндік іс-тәжірибелерімен шеберлік кластарында облыс, республика көлеміндегі әріптестерімен бөлісуде. Студенттің дайындық деңгейiн, ынтасын көтеру, оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн меңгеру, олардың болашақ кәсіптерінде озық технологияларды қолдану біліктерін жетілдіру жұмыстарында Ә.Р.Дусалиева,Г.А.Жолдасова, А.К.Оразгалиева,А.О.Кидришева, А.Т.Кабиева сынды оқытушылар үлкен ізденіспен жұмыстануда. Ұлттық салт-дәстүрге байланысты жаңа ұрпақ бұрынғының барлық құндылығын сақтап, жаңа жаңалықтармен байытып, дамытып отыру кафедра жұмысының нағыз өзекті тұсы. Бұл сабақтастықта ұрпақтар бірлігінде колледж дәстүрінің өміршең мәңгілігі бекітіліп, сақталып, жаңа ұрпақтың әлеуметтік және адамгершілік құныдылықтарға қарым-қатынасы оның жеке тұлғалық қалыптасуына негіз болады деп ойлаймыз. Осы бағытта кафедраның С.М.Бахишева басшылық жасаған тұста студенттер мен ұстаздар ұжымының бірлескен тарихи-танымдық жұмыстың бір бағыты «Жаһанша жолымен» экспедициялары қызметін ерекше айтуға болады. Олар әр алуан маршруттық сапар барысында Жаһанша Досмұхамедовтың кіндік қаны тамған Қарақұдық ауылында, тарихи музей орналасқан Бұлдырты орта мектебінде, сондай-ақ алаштықтардың сиезі өткен Қаратөбе ауданының орталығында болды. Одан соң экспедиция зерттеу жұмысы Ресей Федерациясының Орынбор қаласы бағытында жорығына ұласты. Орал қаласындағы жалпықазақтық бірінші және екінші сиездерге делегаттар сайланған тарихи орыннан алған жорықшылар сапары, Орынбар қаласындағы дәл сол сиездер өткені туралы тарихи белгі қойылған Пушкинская,39 мекенжайындағы ғимарат жанында Алаш арыстары рухына тағзым етуден басталды. Бұдан жүз жыл бұрын Орынбордағы талай қазақ зиялыларының басын қосқан Керуен Сарайда, Қазақ автономиясының Үкімет үйі орналасқан Советская, 2 мекенжайындағы ғимаратта, Ахмет Байтұрсынов тұрған Чичерина, 75 мекенжайында, Ыбырай Алтынсарин оқыған Советская, 7 көшесіндегі тарихи ғимараттарды аралап, студенттеріміз үлкен танымдық сабақтар алды. Өткен оқу жылдары колледж директоры А.Т.Кайрлиеваның бастауымен экспедиция Жымпиты-Ойыл-Ақтөбе маршруты бойынша зор ғылыми танымдық -ізденіс жұмыстарын жүргізіп: Ойыл сауда –керуен сарайы, аудандық мұражай, Абат Байтақ кесенесі, батыр қыз Әлия және Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайларында болып колледждің тарихи бай мұрағаттық қоржынын толықтырды. Ғылыми ізденіс жұмыстарына кафедра оқытушылары Б.К.Сапиев, А.К.Оразғалиева, Қ.Х.Мажитов сынды оқытушылар, студенттер қатысты. Кейіннен халықаралық деңгейдегі конференцияда «Жаһанша тағылымы және замануи білім беру мен тәрбие мәселелері» тақырыбында қазақ зиялыларының өмірі және қоғамдық-саяси қызметі, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құрудағы қазақ зиялыларының тарихи көзқарастары тұрғысында оқытушылар А.Кайрлиева, М.Дюсенгалиев, А.Журекенова, С.Бисеновалар баяндамаларымен айшықталды. Әрине бір мақала көлемінде кафедра жұмысын толық көрсетіп шығу мүмкін емес.Маман даярлауда оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және таратуда жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушыларының еңбектері зор. Бірнеше оқытушы арнайы төсбелгілер, мерекелік медальдар және әртүрлі дәрежедегі алғыс хаттармен марапатталған. Қорыта айтқанда колледждің айтулы 110 жылдық мерейтойына сый ретінде оқытушылар ұлттық салт-дәстүрге байланысты жаңа ұрпақ бұрынғының барлық құндылығын сақтап, жаңа жаңалықтармен байытып, дамытып отыруға бар күшін салып еңбек ететіндігіне сеніміміз мол. Жаһандану жағдайында жаңа құндылықтар жүйесіне бейімделген, болашаққа жаңа көзқарасы бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру басты міндетіміз.