Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол бір сұрапыл соғыс жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, туған жеріне деген патриоттық сезімін дәлелдеді.