«Ізгі ниет – ақ тілек» акциясы

Адам қолымен жасалған игі істің бәрі ақыл ойының, жүрек жылуының көрінісі. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза, сезімі сергек болады. Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі. Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген баталары, ақ тілектері ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Айтимов Ақсерік Сарыұлымен кездесу өтті

Колледжімізде «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, сөзімен ісін бір арнада тоғыстыра алған атпал азамат Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының докторы, ҚР Инженерлік академиясы БҚО филиалының төрағасы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Айтимов Ақсерік Сарыұлымен кездесу өтті.

«Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та бар қалан»

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақ мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дегендей, жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің болашағы жастардың қолында. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу өсіп келе жатқан жас буынның қолында екені анық.

«Жүректен жүрекке»

Бүгінгі күні ғылымды, білімді іздендіру мәселесі – өзекті мәселелердің қатарынан орын алып отыр. Өйткені ғылым мен техниканың қарқынды дамыған тұсында адамдар білімнің күшін тек жақсылыққа, игі істерге ғана жұмсамай, жамандық пен қатігездікке, бас пайдасын ойлауға да бағыттауда. Сондықтан да жастарға білім берумен қатар, ізгілік білімін де бойларына сіңіруіміз қажет. Олар айналасындағы жанды-жансыздың бәріне сүйіспеншілікпен, адамгершілікпен қарап өсуі тиіс. «Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен балалар арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына білінуі тиіс.

Астана қаласында қаза болған бүлдіршіндерімізді аза тұтып, «Қазақтың батыр арулары» ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды

06.02.2019 күні Орал қалалық ақпарттықталдау және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының мүшелері Астана қаласында қаза болған бүлдіршіндерімізді аза тұтып, «Қазақтың батыр арулары» ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды.

«Ізгілік әлемі»

1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің 4-ші күнінде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, адам бойындағы адамгершілік, мейірімділік, рақымдылық қасиеттерін дамыту, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық арқылы шығармашылық қабілеттері мен жағымды эмоцияны қалыптастыру, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік бере отырып, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Ізгілік әлемі» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып өткізілді.

«Жаңартылған білім мазмұны- табысты сабақ кепілі» тақырыбындағы қалалық семинар

05 ақпан күні практика бөлімі математика, информатика, физика кафедрасымен бірге «Жаңартылған білім мазмұны-табысты сабақ кепілі» тақырыбындағы қалалық семинар ұйымдастырды. Колледждегі «Физика мұғалімі», «Математика мұғалімі», «Информатика мұғалімі» біліктілігінің студенттері қатысты.Семинардың мақсаты- кәсіби және ұлттық адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасында жағдай жасап, әлеуметтік серіктестіктермен тәжірибе алмасу.

«Алтын жүрек анамыз»

Ағымдағы жылдың 1 мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік аясында ақпан айының 05-ші жұлдызында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде жалпы адамзаттық құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларға, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына үлкен үлес қосып, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегінде адамзат баласына бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізген, мейірім мен ізгіліктің символы «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі авторы С.А.Назарбаеваның ұлағатты өмір жолына арналған «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы оздырылды.

«Жетістікке бастайтын 7 қадам»

2019 жылдың 4 ақпан күні сағат 10:30-да «Жетістікке бастайтын 7 қадам» атты облыстық жастар жылының ашылу шарасы өткізілді. Аталмыш шараға Облысымыздың әр түрлі санаттағы жастары, жас ұстаздар, кәсіпкерлер, жас дәрігерлер мен өндіріс қызыметкерлері жастар ұйымдары өкілдері және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттеріде қатысып келді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 9

Вчера 204

На этой неделе 767

В этом месяце 6612

Всего 238845

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска