Қоғам игілігі үшін атқарылатын ұжымдық еңбектің көпжылдық дәстүрі ерте кезден бастау алады. Оның маңыздылығы бүгінде, климат өзгеруі мен экология мәселелері кең етек жайып жатқан кезде тереңдей түсті. Қазір сенбіліктердің қажеттілігі жоғары.
Қоғам игілігі үшін атқарылатын ұжымдық еңбектің көпжылдық дәстүрі ерте кезден бастау алады. Оның маңыздылығы бүгінде, климат өзгеруі мен экология мәселелері кең етек жайып жатқан кезде тереңдей түсті. Қазір сенбіліктердің қажеттілігі жоғары.
04.04.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова 1сКДО-9, 1сКШК-9 топ студенттеріне «Жақсы күлкі – жан жадыратады» атты тақырыпта тренинг ұйымдастырып өткізді.
Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай өңірімізде тұрақты емес. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан Облысы бойынша департаменті «Sanaly Urpag» жобасы аясында орта арнаулы оқу орындарындағы жемқорлық жағдайын зерделеу мақсатында 03.04.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде 1-2 курс студенттеріне БҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Руслан Бейбітұлы әлеуметтік салауалнама жүргізді.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенттері мен оқытушылары жалпы қалалық сенбілікке атсалысты. Сенбілікке колледжімізден 35 студент пен 2 пМК кураторы Сандуғаш Сағындыққызы, әлеуметтік педагог Ақбота Қайратовна және оқытушы Әнасыл Құрманәлі қатысты. Колледжімізге бөлінген аумақ «Ерліктерін мәңгіге естімізде» ескерткішінен қалалық халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі жаяу жүргіншілер мен Шаған өзені жағалауын тазалады.
01.04.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының педагогы Умбетова Гульнара Кимовна колледждің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді мүшелеріне «Тең-теңімен» атты семинар-тренинг ұйымдастырып өткізді.
Қазіргі қазақ қоғамы үшін рухани мәдениет саласындағы өзекті мәселелердің бірі – рухани ұғымдарды таразылап, қайта пайымдау, дәстүрлі мағынасын жаңғырта отырып, өскелең буын санасына берік орнықтыру. Өйткені қазір радикалды діни ағым өкілдері тарапынан рухани ұғымдарды бұрмалап түсіндірудің салдарынан құндылықтық бағдарламалар өзгеріске ұшырап отыр.
30.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттері Орал қаласы әкімдігінің бастамасымен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында «Жасыл ел – жасыл Орал» атты акция аясында студенттер қала көшелерін тазалап, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
20.03.2019 күні Ж.Досмүхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова және 4асКШИ тобымен бірге Полиция департаментінің Орал қаласы тұрғындарына есеп беру жиналысына қатысты. Облыстық полиция департаментінің бастығы Мақсотхан Әбләсімов тұрғындарға аймақтағы қылмыстық жағдайды баяндап, жедел іздестіру қызметінің өткен жылғы қорытындысына тоқталды.