Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің нышаны. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің нышаны. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
21.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова және колледждің белсенді жастары облыс әкімі А.Көлгіновпен бірге ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу» акциясына қатысып, ортақ игілікті істен тысқары қалған жоқ. Жыл сайын жалғасын тапқан бұл үрдіс қоршаған ортаны аялауға, қала көркін кіргізіп, тазалықты сақтауға септігін тигізбек.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студенттер арасында «Шебер қолдар» атауымен оздырылғансайыс қорытындыланды. Сайыс қорытындысы бойынша Алшекенова Г. 1сКШО тобы және Қуанышқалиева А. 1аКШИ тобының студенттері 3 орынды иеленді.
Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде көрісу айт мейрамында көршілес елден Татар елінің Арск педагогикалық колледжінен делегация келді. Арск педагогикалық колледжінен келген әріптестеріміз колледж кафедраларын жеке-жеке аралап, кафедра жобалары мен жоспарламен танысты.
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы еңсесі биік елдіктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін, халықтардың шығармашылық дәстүрлерін ұғындырып, тарихи маңызын түсіндіру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын, патриотизм құндылықтарына баса назар аудару мақсатында колледжімізде «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз!» мерекелік шарасы өтті.
16.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ДӘІЖО Қ.Х.Мажитов, психолог В.А.Даулетова, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастыруымен «Психикалық саулық-деннің саулығы» атты тақырыпта 1-2 курс студенттерінің ата-аналарына семинар-тренинг ұйымдастырылып өткізілді.
15.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары пеагогикалық колледжінде «Жаһанша проект Fest» атты проекттердің таныстырылымы ұйымдастырылып өткізілді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада қазақстан Республикасы экономиксының даму қарқынының жеделдету және цифрлық технологияларды есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді преспективада Қазақстан экономикасынболашақтың цифрлық экономикасын қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
14.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова өзі жетекшілік ететін «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді жастарымен және дене шынықтыру мұғалімі Қ.Таубаев «Руханият мобильді» тобымен бірге «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы» бүлдіршіндерге ұлттық ойындардан сайыстар өткізіп, тренингтер, құм терапиясымен жұмыстар жүргізіп, сонымен қатар битбокс жанрында өнер көрсетіп, сәби көңілдерге қуаныш силап қайтты.