Бүгін Орал қалалық ішкі саясат бөлімі және «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен колледж студенттері «Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтан» тақырыбында кездесуге қатысты.
Кездесудің мақсаты діни экстремизм мен терроризмінің алдын алу, дәстүрлі құндылықтарға негізделген көзқарастар қалыптастыру және дін саласындағы ҚР мемлекеттік саясатын түсіндіру.
Кездесу барысында Орал қалалық ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Айдарханов Саят Қайратұлы дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің дәстүрлі бағытты ұстанатын өкілдерден айырмашылықтарын (сырт киімі мен ұстанымындағы), ҚР аумағында дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттайтын діни жетекшілер жөнінде және дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын әдебиеттер, интернет ресурстары мен әлеуметтік желілердегі парақшалар жөнінде ақпарат берді. Кездесу соңында студенттер өздерін толғандыраған мәселелр бойынша сұрақтар қойды.