Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сол бір сұрапыл соғыс жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, туған жеріне деген патриоттық сезімін дәлелдеді.
«Ер есімі – ел есінде» - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған батырларымыздың ерлігін дәріптеу мақсатында 09.05.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді мүшелерімен бірге «Жеңіс лентасы» акциясы барысында ардагерлерімізге зор құрмет көрсете отырып, Жеңіс күні мейрамына орай өткізілген мерекеліс іс-шараларға белсене қатысты.
Әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова