Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бітіруші түлектерінің арасында «КӘСІБИ БІЛІКТІ МАМАН-2019» атты байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Бітіруші түлектеріміздің арасында өз кәсібінің білгірі, қазірі білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламасын жетік меңгерген, болашақ педагогты анықтау; Байқау төмендегідей кезеңдер бойынша өтті.
1. «Мен-таңдаған мамандық» таныстыру
2. Педагогикалық идеялар аукционы
3. «Білім- сенің болашағың» онлайн тест
4. Шешендік өнер шеберлігі
1 бөлім «Мен таңдаған мамандық» таныстыру кезеңіндеқатысушы өз мамандығының ерекшелігі, өзінің кәсіби жетістіктері, өзі туралы презентациясының электронды түрде тапсырылған жұмыстар instagram әлеуметтік желіcінде жарияланып, онлайн дауыс жиналды.
2 бөлім Педагогикалық идея аукционында қатысушы жаңартылған білім беру мазмұнының жағдайындағы оқыту мен тәрбие үдерісінде жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарға және Тәрбиенің тұжырымдамасына негізделген педагогикалық идеяларын ұсынады.
3 бөлім «Білім- сенің болашағың» онлайн тест кезеңінде қатысушылардың педагогика, психология пәндері бойынша теориялық білімдері анықталды. Қатысушы өз ұялы телефонымен Kahoot бағдарламасында тест белгіледі.
4 бөлім Шешендік өнер шеберлігі бойыншақатысушыларымыздың тіл шеберлігі анықталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығының студенті Орынова Елнұр «Бас жүлде», Бастауыш білім беру мамандығының студенті Дайынова Жанат- 1 орын, Шетел тілі мұғалімі мамандығының студенті Орынов Темирхан, Математика мұғалімі мамандығының студенті Муслим Жансая- 2 орынды иеленсе, Бастауыш білім беру мамандығының студенті Истлеуова Аксауле, Музыкалық білім беру мамандығының студенті Әлібекова Ерасыл, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығының студенті Нығметжан Зейнұр – 3 орынды иеленді.