Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Елді қорғау - ер парызы» атты патриоттық шара өтілді. Кездесуге Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің а.ә.д. пәнінің оқытушысы, аға лейтенат Н.З.Утегалиев, «БҚАТУ» әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы подполковник Сәрсенгалиев Мұратбек, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарамасының бөлімше бастығы, майор Ахметқалиев Қуат Оразғалиұлы келіп, өздерінің тәжрибелерімен әскери өмірді, Қазақстан қарулы күштері, әскерге шақыру туралы әңгіме өрбітті.