«English as a  vital skill» тақырыбындағы «Шет  тілі» кафедрасының онкүндігі

2020 жылдың 7-25 желтоқсан аралығындапәндік онкүндік аясында «English as a vital skill» атты шет  тілікафедрасының онкүндігі өтуде.

Онкүндіктің мақсаты: ағылшын тілінің білім алудағы маңызы мен мүмкіндіктерін тереңірек аша отырып, сөйлеу дағдысын дамыту. https://youtu.be/afO-uljLJag

«Онлайн оқырмандар конференциясы»

2020 жылдың 8 желтоқсан күні «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» тақырыбындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының пәндік онкүндігі аясында «Бір ел – бір кітап» акциясымен Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» шығармасы бойынша Zoom платформасында онлайн оқырмандар конференциясы өтті.

"Мен таныған Абай әлемі" атты колледж жас мамандарымен сұхбат

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында "Мен таныған Абай әлемі" атты жас мамандармен оқытушы С.Ізімова сұхбат өткізді.

Мақсаты: колледж жас мамандарының жеке өмірі мен кәсіби қызметіндегі Абай тағылымының  орны мен маңызын айқындау.

Сұхбатқа "Дене тәрбиесі және спорт" кафедрасының оқытушысы Д.Қуанышұлы, жастар ісі жетекшісі Е. Айдарбекұлы, "Шет тілі" кафедрасының оқытушылары А. Бейбітқызы, Г.Тлепбергенқызы, педагогика кафедрасының оқытушысы З.Думанқызы қатысып, тақырып аясында өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Абайтану ғылымы: кеше мен бүгін» студенттердің ғылыми-практикалық онлайн конференциясы

«Адамзаттың бәрін сүй,  бауырым деп» тақырыбындағы пәндік онкүндік аясында 4 желтоқсан күні  «Абайтану ғылымы: кеше мен бүгін» студенттердің ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Оған  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты: Абайдың өмірі мен мұрасын зерттеушілердің  еңбектерін зерделеу арқылы тереңірек білу, студенттердің ғылыми-ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, кәсіби білімдерін жетілдіру. Студенттер конференция Әлихан Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Мырзахметұлының,тәуелсіздік жылдарындағы Абай мұраларын зерттеп жүрген ғалымдар арасынан Т. Жұртбай, Т. Шапай, Д.Омаровтардың еңбектерін саралады. Нәтижесінде студенттер Абайдың өмірі мен мұрасын зерттеушілердің  еңбектерін зерделеу арқылы ғылыми-ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, кәсіби білімдерін жетілдіруге бағыт алды.

«Онлайн диктант»

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде  «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі аясында 03.12.2020ж. онлайн диктант байқауы өтті.

«ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы

ТжКБ ұйымдарының үздік студенттерін анықтау, марапаттау және жетілдіру мақсатында 05 қыркүйек-20 қазан аралығында «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы ұйымдастырылды. Бұл жобаға республикадағы барлық колледждің үздік студенттері қатысып, жобаның ережесіне сәйкес 3 кезеңнен бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жоба аясында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ішкі езең, яғни колледжішілік кезеңінен үздік деп танылған 3 студенттіміз (Қасым Алина, Орынбасар Береке, Орынбасаров Ермахан) аймақтық кезеңге жолданды.

«Сақтан ұрпақ  ЖИТС-деген қатерден!»

2020 жылдың 26 қараша күні студенттер үйінің тұрғындарымен ЖИТС ОО-ның қызметкері Г.К.Умбетованың қатысуымен «Сақтан ұрпақ ЖИТС-деген қатерден!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде студенттерге ЖИТС орталықтарының жұмысымен таныстырып, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын,одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіріп, салауатты өмір сүруге шақырды.    

Семинар-встреча для руководителей школ «Өзгерістерді басқару. Цифрлық кеңістіктегі білім беру үрдісін басқару».

19 ноября 2020 года Высший педагогический колледж имени Ж. Досмухамедова совместно с отделом образования г. Уральска проводился семинар «Өзгерістерді басқару. Цифрлық кеңістіктегі білім беру үрдісін басқару» для руководителей 51 школы города.

«Адалдық, Парасатталық, Сенім»

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры, БҚО ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Светалана Меңдіғалиқызы Бахишева БҚО ақпараттық-насихат штабы алдында колледжімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Sanaly urpaq» жобасының жүзеге асырылуы, сонымен «Парасаттылық мектебінің» жұмысы жөнінде кеңінен ақпарат берді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 1

Вчера 240

На этой неделе 658

В этом месяце 2462

Всего 190035

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска