Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ГРАНТ топтарында босаған орындарға үміткерлерден өтініш қабылдайды:
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі ГРАНТ топтарында босаған орындарға үміткерлерден өтініш қабылдайды:
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, 30 жыл колледжде еңбек еткен, педагог-зерттеуші Габбасова Гулнар Сагатовна Қазақстан Республикасының "Техникалық және кәсiптiк білім беру iсiнiң үздiгi" құрмет дипломымен марапаттауға ұсынылады.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері республикалық TopIQ конкурсының 2-кезеңіне жолдама алып, радио, теледидардан қазақстандық тұңғыш цифрлық платформаның тиімділігі туралы өз ойларын ортаға салды.
Жоба жұмысы аясында БҚО ББДО мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі бірігіп ағымдағы жылдың 09 маусымда бастауыш мектеп мұғалімдеріне арнап «Білім беру үрдісінде цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум өткізді.
09 маусым күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен Ж.Молдағалиев атындағы саябақта "Дарынды жас, бізге қосыл!" тақырыбында «SKILIS BAZAAR» шарасы өтті. Шараның негізгі мақсаты колледж жұмысын насихаттау, шығармашыл, белсенді студенттерді қолдау, педагогикалық мамандықтарды таныстырып, жаңа оқу жылына дарынды талапкерлерді тарту болды.
Жоба жұмысы аясында жобаға қатысушы БҚО ББДО әдіскері Жакина Жұлдыз Бауыржанқызы, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры А.Ж.Кайрлиева және оқытушы-әдіскерлер мен қаланың бастауыш мектеп мұғалімдері әдістемелік көмек беру мақсатында Теректі ауданының «Ақжайық», Дуана, Шалқар, Пойма, Айтиев ауылдарының бастауыш мектептеріне барды. Олар бастауыш мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасап, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек берді.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әдіскер Б.М.Кәрімованың ұйымдастыруымен «Бастауыш білім беру» мамандығы 2аКШО-9 тобында 7 маусым күні «Қазіргі қазақ тілі, әдістемесі, каллиграфия» пәнінен оқу практикасының қорытынды сабағы өтті. Мақсат- оқу практикасы барысында студенттердің бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту бойынша жинақтаған білім, білік, дағдыларын саралау.
7 маусым күні Жұбан Молдағалиев атындағы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасы және колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен Жұбан атындағы саябақта «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып», «Сары баланың қамы» үшін қылыш сермеген батыр, дауылпаз ақын, арқалы күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай, «Махамбет – өшпес рух, ұлы тұлға» атты әдеби кеш өткізілді.