Педагогтерге арналған жыл сайын өтетін «Жаңашыл мұғалім 2023» республикалық байқауы аяқталғанын хабарлайды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен педагогтер қатысқан. Байқаудың мақсаты – педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және тарату, сонымен қатар педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу. Байқау екі кезеңде ұйымдастырылып, оқу жылының соңында қорытындыланды.
Байқауға Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушылары: ең үздік сабақ әзірлемелері, сыныптан тыс іс-шаралар, сабақтардың видеофрагменттері кәсіби деңгейлерінің жоғары екенін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өте жетік меңгергенін көрсетті. Нәтижесінде төмендегі оқытушылармыз финалист атанып, марапаттар мен сертификаттар табыс етілді. Құттықтаймыз!!!
«Жаңашыл мұғалім – 2023» байқауының финалистері: Давлеткалиева Дамира Асылбековна, Сарсенгалиева Ажар Батырбаевна, Утегенова Айнур Туреахметовна
«Жаңашыл мұғалім – 2023» байқауының қатысушылары сертификаты иегері: Урашева Алима Жолмухановна