«Сабақ мақсатына жетудің тиімді жолдары» тақырыбындағы шеберлік сағаты

2022 жылғы оқу өндірістік жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айының 11 күні «Тәжірибелі әдіскерлер мектебі» жұмысының аясында сабақты жоспарлауға байланысты «Сабақ мақсатына жетудің тиімді жолдары» тақырыбындағы шеберлік сағатын №19 ЖОББ мектебінің педагог зерттеушісі Нұрғали Гүлжазира Ергенбайқызы жүргізді. Шараға жас мамандар мен екінші курс топ студенттері қатынасып, берілген тапсырмалар бойынша сыни тұрғыдан ойлау, диалогтық оқыту, SMART бағдарламасы, блум таксономиясы, жаңартылған білім берудегі әдістерді тиімді қолдана білуді қызыға орындап, тренермен ой бөлісті. Сабақты мақсатына жеткізуде түрлі тәсілдерді қолдану ерекшеліктерін талқылады.

«Білімді ұрпақ- жарқын болашақ» атты дөңгелек  үстел өткізілді

10.02. 2022 ж күні студенттер үйінде «Білімді ұрпақ- жарқын болашақ» атты дөңгелек  үстел өткізілді.

Мақсаты: Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға бабалардан  қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағын жан-жақты ойлай білетін,қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындырып түсіндіру, студенттердің ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, студенттерді сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.

ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2021-2022 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 01 ақпан күні Ақжайық ауданының №1 ЖОББМ, М.Әуезов атындағы, Мерген, Алмалы ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Диплом алды практикасының нәтижесін қорытыңдылау конференциясы

2021 жылдың 24 желтоқсан күні Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінде практика жоспарына сәйкес 4аКШФ, 4спКШФ, 4аКШФТ, 4спКШИ, 4спРШИ, 4сКШО топтары студенттермен диплом алды практикасының дайындық конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты- студенттердің дипломалдындағы практикадан өтуге дайындықтарын анықтау. Конференцияға дейін топтарда оқу практикасы ұйымдастырылды.

«Шетел тілін оқыту әдістемесін дамытудағы заманауи тенденциялар: тәжірибе, мәселелер, перспиктивалар» атты республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция өтті

10.12.2021 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, «Білім» бейіні ОӘБ және ағылшын тілі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Шетел тілін оқыту әдістемесін дамытудағы заманауи тенденциялар: тәжірибе, мәселелер, перспиктивалар» атты ағылшын тілі мұғалемдеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция өтті.

«Студенттердің тілдік құзыреттілігін әдебиет арқылы дамыту» атты онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді

2021 жылы 03 желтоқсан және 14 желтоқсан күні аралығында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің ағылшын тілі кафедрасының «Студенттердің тілдік құзыреттілігін әдебиет арқылы дамыту» атты онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді.

«Baby Skills жобасы»

26 қараша күні Орал қаласының жоғары гуманиарлық-экономикалық колледжінде «Baby Skills жобасы» жүзеге асырылды.

Осы шараның негізгі мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы бастапқы дағдыларды көп сатылы алуы (ерте кәсіптік бағдарлау сынамаларының полигонын құру).

«Шет тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын топтарының байқау практикасының нәтижесін қорытыңдылау конференциясы

2021 жылы 23 қараша күні Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінің Кәсіптік практика кестесіне сәйкес «Шет тілі мұғалімі» біліктіліктері бойынша оқитын 4спКШИ-9 тобының байқау практикасының нәтижесін қорытыңдылауға байланысты конференция өткізілді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 185

Вчера 103

На этой неделе 1620

В этом месяце 9656

Всего 187175

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска